АНТИФЕРРОМАГНИТТІК

АНТИФЕРРОМАГНИТТІК, антиферромагнет и з м — кристалл заттың (антиферромагниттің) магниттік реттелген күйі; бұл күйде кристалдық тордың көршілес түйіндеріндегі атомдардың (иондардың) магаиттік моменттері бір-біріне қарама-қарсы параллель (антипараллель) болып бағдарланады, сондықтан да дененің тұтас алғандағы магниттелушілігі магнит өрісі жоқ кезде нөлге тең болады. А-тің ферромагниттіктен айырмашылығы осында. Ферромагниттік құбылысы кезіндегі атомдардың магниттік моменттерінің бірдей бағдарлануы дененің күшті магниттелуіне әкеліп соғады. Сыртқы магнит өрісінің әсерінен антиферромагниттер әлсіз магниттеледі. Антиферромагнитті Н е е л н ү к т е с і деп аталатын темп-раға дейін қыздырғанда ол өзінің ерекше магниттік қасиетін жоғалтып, парамагнитті күйге ауысады. А күйді 1930 ж. Л.Д. Ландау және француз физигі Л. Неел түсіндіріп берді. А-ті зерттеу нәтижесінде жаңа магниттік құрылымдар: әлсіз ферромагниттік, геликоидалық құрылымдар, т.б. ашылды және пъезомагниттік, магнит электрлік эффектісі байқалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *