АНТИСЕПТИКАЛЫҚ ЗАТТАР — 1) микробқа қарсы қолданылатын заттар (мыс., бор қышқылы, марганецті қышқыл калий, бриллиантты көк дәрі, т.б. ерітінділер). Оларды теріге, кілегей қабыршаққа жағады не жарақаттарды жуады; 2) ағашты, пластмассаларды, тоқыма бұйымдарды, былғарыдан жасалатын заттарды, сондай-ақ азық-түлікті микроорганизмдердің бұзуынан қорғау үшін қолданылатын химиялық заттар (мыс., фенолдар мен олардың туындылары, креозот, бензой қышқылы, т.б.). Олар қорғалатын материалдарға сіңіріледі, бетіне жағылады немесе олардың құрамына қосылады.