АНТИСЕПТИКА (грек. anti — қарсы және septikos — іріңдеу, шіру) — жарақатты іріңдеуден сақтау және ауру тудырғыш (патогенді) микробтардан пайда болатын жараны биол. (антисептикалық заттар) немесе хим. әдістермен емдеу тәсілдері, А. терминін ғылымға 1867 ж. ағылшын ғалымы Дж. Листер енгізген.