АНТИОКСИДАНТТАР

АНТИОКСИДАНТТАР (грек. anti— қарсы және oxis — қышқыл) — тотығуға -қарсы және оны тежеу үшін қолданылатын заттар. Олар полимердің тозуын, тағамдық майлардың ашуын, жанармайлар мен техникаға қажетті майлардың қоюлануын, қоқыстануын азайту үшін қажет. А. аталған мақсаттарға 0,01 — 0,001% мөлшерінде қолданылады. Табиғаты әр түрлі қаныққан және қанықпаған табиғи және синтетикалық органик. қосылыстар ферменттердің, оттектің және тотығу — тотықсыздану қасиеті төмен иондардың әсерінен асқан тотықтар (пероксидтер) түзеді де, үздіксіз тізбекті реакцияға түсіп, тотыға отырып ыдырайды. Бұның бәрі бос радикалдардың пайда болуы нәтижесінде әрі қарай ыдырау процестерінің тізбектеле жүруіне себеп болады. А. бос радикалдармен әрекеттесіп, өздері тұрақты бос радикалдарға айналады да, тізбектеле өршіп, тотығу реакциясын тоқтатады не тежейді. Табиғи А-ға витаминдер, ал синтетикалық А-ға әр түрлі ароматты қосылыстар жатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *