АНТИНЕЙТРИНО (v) —нейтриноға қатысты антибөлшек. Нейтринодан лептондық зарядының таңбасымен және спиральдылығымен ерекшеленеді. А. — массасы нөлге тең, спині 1/2-ге тең бейтарап элементар бөлшек. Тәжірибе нәтижелері А-ның электрондық А. (vе) және мюондық А. (vμ) деп аталатын екі түрі болатынын көрсетті.