АСҚЫН ӨТКІЗГІШТЕР

АСҚЫН ӨТКІЗГІШТЕР — температурасын белгілі бір алмағайып (кризистік) температурадан (Ta) төмен температураға салқындатқанда (суытқанда) электр кедергісі нөлге дейін жетіп асқын өткізгіштігі байқалатын заттар. CuAgAuPt, сілтілі (Na, K т. б.), сілтілі-жер (CaSrBaRa) және ферромагниттік (FeCo т. б.) металдардан басқа металдардың көпшілігі А. ө-ге жатады.  сияқты элементтер үлкен қысыммен салқындату кезінде-ақ А. ө-ге айналады. Асқын өткізгіштік күйге ауысу жүздеген металл қорытпалары мен қосылыстарда және кейбір күшті легирленген шала өткізгіштерде байқалды. Сондай-ақ асқын өткізгіштік қасиеті болатын полимерлер де (Taү0,34 К) ашылды. Барлық белгілі А. ө. үшін Ta мәні сұйық сутек пен сұйық гелий пайда болатын температура аралығында жатады. А. ө-дің қасиетін сипаттайтын тағы бір маңызды параметр — алмағайып магнит өрісінің мәні (Ha). Осы мәннен жоғары болған кезде А. ө. қалыпты (асқын өткізгіш емес) күйге ауысады.Магниттік қасиеті бойынша А. ө.: 1-текті А.ө. және 2-текті А.ө. болып екі топқа ажыратылады. 1-текті А. ө-ге барлық таза металдар (V мен Nb және кейбір қорытпалардан басқасы), ал 2-текті А. ө. тобына көптеген қорытпалар жатады. 2-текті А. ө. ішінен қатаң деп аталатын А. ө. тобы бөлек ажыратылады. Қатаң А. ө. ақаулар құрылымдарының көптігімен (дайындау технологиясына байланысты пайда болатын) ерекшеленеді. Қатаң А. ө-ді асқын өткізгішті магнит орамдарын дайындау кезінде т. б. мақсаттар үшін пайдаланады. Қатаң А. ө-дің морттығы — олардың басты кемшілігі. Өйткені мұндай қасиет сым не таспа (лента) дайындауда үлкен қиындық келтіреді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *