АСҚЫН АҚҚЫШТЫҚ

АСҚЫН АҚҚЫШТЫҚ— кванттық сұйықтықтың тар саңылаулар мен тар түтікшелер (капиллярлар) арқылы үйкеліссіз ағатын күйі. ТА=2,17 К-нен төмен температурада және 38,8 мм сын. бағ. қаныққан бу қысымында 4Не сұйық гелийі өзінің қасиеттерін күрт өзгертіп, асқын аққыш күйге ауысады. Асқын аққыш 4Не-ді Не ІІ деп, ал асқын аққыш емес 4Не-ді Не І деп атайды. Не ІІ-нің А. а. қасиетін 1938 ж. П.Л. Капица ашқан. Ал 1972 — 74 ж. сұйық 3Не-дің де (2,6 10-3 К-нен төмен температурада және 2,588104 м сын. бағ., яғни 34 атм. қысымда) асқын аққыштығы анықталған. 4Не және 3Не сұйық гелийлердің асқын аққыш күйге ауысуы 2-текті фазалық ауысу болып есептеледі. 2-текті фазалық ауысу байқалатын температурадағы жылу сыйымдылығының өзгеру графигі 1 әрпіне ұқсас болғандықтан, осы температура с-нүктесі деп, ал ауысу—ауысуы деп аталады. Асқын аққыштық сұйықтықты тұтқырлығы жоқ сұйықтық деп қарастыруға болмайды. Өйткені Не ІІ-ге батырылған дискінің иірілмелі тербелістері бойынша жасалынған тәжірибелер Т—дан онша алшақ емес температура кезінде, тұтқырлық салдарынан тербелістің өшуі Не І-дегі осыған ұқсас тербелістердің өшуінен айырмашылығы аз болатындығын көрсетті. Не ІІ-нің А. а. теориясын 1941 ж. Ландау тұжырымдап берді. Екі — сұйықтық гидродинамикасы деп аталатын Ландау теориясының негізіне төмен температураларда Не ІІ-нің әлсіз қозған кванттық жүйе күйінде болуы, ондағы элементар қозулардың (кванттық бөлшектердің) салдарынан деген тұжырым алынған. Бұл теория бойынша Не ІІ өзара бір-бірімен кіріктіріліп тұрған екі құраушыдан (қалыпты және асқын аққыш) құралған деп қарастырылады. Тр-ға онша жақын емес температурада қалыпты құраушы екі түрлі квазибөлшектердің жиынтығынан — фонон және ротоннан тұрады. Квазибөлшектердің өзара және ыдыс қабырғаларымен соқтығысуы салдарынан қалыпты құраушыда тұтқырлық пайда болады да, ал Не ІІ-нің қалған — асқын аққыш құраушысының тұтқырлығы болмайтындықтан, ол тар саңылаулар және тар түтікшелер (капиллярлар) арқылы еркін ағады. Асқын аққыш сұйықтық конвекция әсерінен айырықша жоғары жылу өткізгіштік қасиетке ие. Оның себебі конвекция кезінде жылу квазибөлшектер газының макроскопиялық қозғалысы арқылы тасымалданады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *