АСПАН МЕРИДИАНЫ — аспан күмбезінің солт. нүктесінен (полюсінен) оңт. нүктесіне (полюсіне) қарай тас төбе (зенит) мен табан тұстағы (надир) нүктелерді және дүние осін ойша басып өтетін сызық. Аспан меридианының жазықтығы Жер меридианы жазықтығына параллель болады. Аспан денелерінің осы сызықты қиып өту кезі оның шарықтау шегі болып есептеледі. Темірқазық төңірегіндегі шоқжұлдыздар аспан меридианын екі рет кесіп өтеді.