АСПАЛЫ ЖОЛ

АСПАЛЫ ЖОЛ — жүк және жолаушылар тасымалдауға арналған көлік түрі. Оның вагондары мен вагоншалары бағаналар арқылы тартылған болат арқан бойымен қозғалады. Алғаш рет 15 ғ-дың ақырында Батыс Еуропада салынды. А. ж-дың жүк тасымалдауға, жолаушыларға арналған, септестірілген, көтерме, релісті және сүйретпе түрлері бар. Жүк тасымалдауға арналған А. ж. қос болат арқанмен шеңбер бойымен жүргізіледі. Дербес секциялармен ұзартылған мұндай А. ж-дардың ұзындықтары 200 км-ге дейін (Швейцария) жетеді. 1,5-3,3 м/сек жылдамдықпен қозғалатын жүк вагоншалары сағатына 500-1000 т, ал аз қашықтыққа қарама-қарсы бағытта 10 м/сек жылдамдықпен қозалатын 1 немесе 2 вагонша сағ-на 150 т-ға дейін жүк тасымалдай алады. Септестірілген А. ж-дар вагондарымен жүк те, адам да тасыладыКөтерме А.ж-дардың көмегімен құлама жар жерден жүк артылған автомобильдерплотинадан кемелер өткізіледіРельсті А.жсыңаррелісті (монорелістіжәне қос релісті болып келедіОл цех ішінде және цех аралығында жүк тасуғақоймада жүк тиеутүсіру жұмысындасондай-ақ жолаушылар тасуға пайдаланыладыЖолаушы тасымалдауға арналған А. ж-да вагон немесе вагноша қос болат арқанмен жүргізіледіКөбінесеқарама-қарсы бағытта қозғалатын етіп салынадыОлардың әр вагонына 12-100 жолаушы отырады. Ал шеңбер А. ж-мен қозғалатын вагондар 4 адамдық болып келедіЖолаушы тасымалдайтын А. ж-дың ұзындығы 12 км-гетаулы аймақтарда биіктігі 3 км-ге дейін жетедіВагондары секундына 1,5-11 м жылдамдықпен жылжидыМұндай А. ж-дар Австрия, Швейцария, Италия, Франция, Жапония т.белдерде бар. 1967 ж. 4 қарашада Алматы мен Көктөбеніжалғастыратын ұзындығы 1627 м жолаушылар тасымалдауға арналған А. ж. іске қосылған. А. ж-да әрқайсысына 25 адамнан сиятын 2 вагон қарама-қарсы бағытпен 6 м/сек жылдамдықпен ерсілі-қарсылы жүріп тұрадыБір бағыттағы жолға 5 минут кетедісағатына 8 рейс жасаладыТаулы аймақтарда шаңғышыларды ілмегі бар болат арқанмен жылжыта жоғары тартып шығаратын сүйретпе А.ж-дар қолданыладыМұндай А. ж. Қазақстанда 1954 ж. Алматы қ. маңындағы Шымбұлақ шатқалындағы тау-шаңғы кешенінде салынғанҰзындығы 3100 м 2 аспалы жол (бір кісілік орындықты және сүйретпелідемалушылар мен спортшыларды 800 м биіктікке көтереді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *