АСАРХАДДОН (ассирияша Ашшурахиддин, т.-ө.ж.б.) — Ассирия патшасы (б.з.б. 680 — 690). Саргон әулетінен шыққан. Саяси бүлік кезінде таққа отырған. Асархаддон әкесі Синахериб талқандаған Вавилон қаласы мен оның ғибадатханаларын жаңғыртып, Ассирияның басты қаларының бұрынғы саудагершілік пен салық төлеудегі артықшылықтарын қалпына келтірді. Мемлекетке қауіп төндірген киммериялықтар мен көшпелі халдей тайпаларының шабуылын тойтарыс беру үшін солтүстіктегі сақтардың (скифтердің) көсеміне кенже қызын беріп, құдандалық одақ құрды. Асархаддон. тұсында Ассирия Арабия, Финикия, Мысыр елдерімен соғыста елеулі жеңістерге жетті. Олар Ассирияға қыруар салық төлеп тұрды, Мысырдың ассирияша ат қойылған 20 қаласының көбісін ассириялық әкімдер басқарды. Асархаддон. көзі тірісінде өзінің тағына мұрагерлікке кенже ұлы Ашшурбанипалды тағайындады.