АРЫС ӨҢІРІНІҢ ЕСКЕРТКІШТЕРІ — көне дәуірлерден қалған археол. ескерткіштер. Бұл өңір үш ландшафты аймақты қамтиды: таулы, тау бекеті және далалы кеңістік жерлер. Егіншілік пен мал ш. мәдениеті дамыған аймақ Тас дәуірінен бастап кейінгі орта ғасыр ескерткіштері кездеседі. Өңірде 1960 жылдан Жетісу кешенді археол. экспедициясы, 1971 ж. Оңт. Қазақстан археол. экспедициясы (жетекшісі К.А. Ақышев), 1980 ж. Шымкент пед. ин-тының археол. экспедициясы барлау және қазба жұмыстарын жүргізіп келеді. Соның нәтижесінде Бөріжар, Алтынтөбе, Қаратөбе зираттары мен көне қалалар орны ашылды. Барлау барысында 1973 ж. археолог Х. Алпысбаев Шаян, Арыс — ‘Гүркістан каналдарының бойынан ерте ашель дәуіріне жататын тұрақтарды тапқан. 1974 — 75 ж. Арыс қ-нан 10 — 12 км жерде Тасқотан, Бесқотан, Байтоғай сияқгы тас дәуірінің ескерткіштері табылып, бүл өңірде алғашқы адамдардың өмір сүргені дәлелденді. 80 ж. әр түрлі құрылымдағы 3 мыңнан астам қорғандар тобы есепке алынды. Сақ-үйсін дәуіріне жататын үлкен қорғандардың диаметрі 70 — 100 м, жоғары жағы 10 — 15 м, биікт. 16 — 18 м болып келген. Сондай қорғандар тобына Бадамға жақын Ақбұлақ өз-нің жағасындағы Алтынтөбе жатады (б.з.д. 3 ғ. — б.з. 4 ғ.). Ол 300-ден астам жеке обалардан тұрады. Мұнда мәйіттер арқасына жатқызылып жерленген, зират лақатты. Ішінен саз ыдыстар, құмыралар, кеселер, жануарлар сүйектері, пьшақ, мыстан жасалған сырғалар, әр түрлі моншақтар көптеп алынды. Кейінгі түркі дәуіріне жататын Бөріжар сияқты ескерткіштер зерттелген (1 — 8 ғ.). Арыс өз-нің сол жағалауында Бадам және Арыс жолының ортасында орналасқан бұл ескерткіштерді 1941 — 51 ж. А.Н. Бернштам, 1971 — 70 ж. Б.Н. Нұрмұханбетов зерттеген. Олар 1 — 2,5 км жерді алып жатқан жүздеген топырақ үйінділер. Әр үйіндінің диаметрі 6 — 20 м, биікт. 0,5 — 3 м. Кейінгі ескерткіштер тобына бекіністер, ерте ортағасырлық және кейінгі ортағасырлық қалалар орны жатады. Ескерткіштердің үлкендері — тау аңғарларында, Арыс, Бадам, Сайрамсу, Ақсу, Боралдай өз-дерінің бойларында, кішігірім бекіністер Бала Бөген, Бөген, Шаян, Арыстанды аңғарларында кездеседі. Үш бөліктен: шаһристан, рабад, цитадельден тұратын ортағасырлық қала орыңдары бар. Олар 5 — 8 ғ. арасын қамтиды. Шымкент маңындағы Қатын көпір а. маңында 10 — 18 ғ-лар ескерткіштері зерттелді. Бекініс, қала орындары, табылған археол. заттай деректер Сыр бойында мәдениеттің жоғары дамығандығын көрсетеді. Көне қалалар орындары мен атаулары араб-парсы (10 — 12 ғ.) саяхатшыларының жазбаларындағы аттарына сәйкес келеді.