АРЫС ЖЕЛІ 

АРЫС ЖЕЛІ – Түркістан облысы Арыс ауданы жеріндегі, Арыс өзені аңғарымен соғатын құрғақ, ұйтқымалы ауа ағысы. Жел Талас Алатауының батыс сілемдерінен шығатын суық ауа мен жазық жердің жылы ауасының араласуынан пайда болады. Жыл бойы соғады. Жаз кездерінде Арыс желі шаңды дауыл түрінде байқалады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *