АРЫНОВ Мұхтар Ғалиұлы

АРЫНОВ Мұхтар Ғалиұлы ( 20. 5. 1936, Алматы облысы Ақсу ауданы Ақсу а. — 10.9.1995, Алматы облысы) — ғалым, филолғыл. кандидаты (1973), проф. (1988). Алматы мемлпед. шет тілдер ин-тын (қазіргі Халықаралық қатынастар және әлем тілдері ун-тін) бітірген (1957). Осы ин-тта оқытушы, кафедра меңгерушісі, Абай атынд. Қазақ пед. ин-тының проректоры (1974 — 81), Білім мин-нің бөлім меңгерушісі (1981 — 83) қызметтерін атқарды. 1983 жылдан өмірінің соңына дейін Қ.Жұбанов атынд. Ақтөбе ун-тінің ректоры болды.А-тың “Неміс тілінің қысқаша грамматикасы” (1971), “Неміс тілі грамматикасы (морфология)” (1986) оқулықтары тіл білімі ғылымындағы елеулі табыс ретінде бағаланды. А. ұлт мәдениетін өркендетуге елеулі үлес қосты. 1989 ж. халықар. “ Қазақ тілі” қоғамының құрылуына ұйтқы болды. Ақтөбе облысыдағы “Қазақ тілі” қоғамының төрағасы болып, ұлт тілінде оқытатын мектептердің ашылуына көп күш-жігер жұмсады. А-тың ұйымдастыруымен “Ақтөбе өңіріндегі білім беру жүйесінің дамуы” мұражайы, Абай мұражайы ашылды. Ол қазақ тіл білімінің тұңғыш проф-ы Қ.Жұбановтың 90 жылдығына орай респғыл.-теор. конференция ұйымдастырып, “Жұбанов тағылымы” оқуларын жыл сайын өткізуді дәстүрге айналдырды. Қ.Жұбановтың мұражайы мен лабораториясын ашуға басшылық етті. А-тың ұлттық филос., дидак., этногр. және этнолингвист. деректер негізінде жазған “Бес анық” (1996) кітабы — қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымын зерделеуге арналған алғашқы еңбектердің бірі болды. Ұлттық рухтың ерекшелігін көрсететін тіл, дін, салт-дәстүр, тарих, атамекен туралы ой-толғамдары халықтық пед. пәнінің қалыптасуына негіз болып қаланды. Сонымен қатар ол Есет, Көтібар батырлардың, күйші Қазанғаптың тарихи-архит. кешендерінің бой көтеруіне ұйтқы болды. Әйтеке бидің, Кердері Әбубәкірдің өмірі мен шығармашылығын зерттеуге елеулі үлес қосты. А. — белгілі мемлекет қайраткері. Ол Қаз. Респ. Жоғарғы Кеңесінің депутаты ретінде тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясының “Тілдер туралы”, “Жоғары білім туралы” заңдарының қабылдау мен талдау жұмысына қатысты. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *