АРХИЕРЕЙ

АРХИЕРЕЙ (грarchіereus — аға діни қызметкер) — христиан шіркеуінің басқару жүйесіндегі ең жоғары (үшінші дәрежедегі) лауазымды діни қызметкерлердің (епископтардың, архиепископтардың, митрополиттердің, патриархтардың) жалпы атауы. “А.” лауазымы әуелде діни қызметкер деген ұғымды ғана білдірген. “Көне өсиет” кітабында (Левит) да осы мағынада қолданылады. Қазіргі А. епархияны (діни әкімшілік аймақты) басқарады, священниктерді, дьякондарды қызметке тағайындайды, діни лауазым иелерінің және қатардағы христиандардың күнәсі мен күмәнін талқылайды, шіркеуде құдайға құлшылық ету, шоқыну, шоқындыру т.б. діни жол-жоралғы, рәсімдер өткізеді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *