АРА ЗИЯНКЕСТЕРІ

АРА ЗИЯНКЕСТЕРІ – ара және оның өнімдерімен қоректеніп, ара шаруашылығына орасан зиян келтіретін әр түрлі жануарлар тобы. Олар паразиттер (ара үйірінде бірге тіршілік етіп олардың өнімдерін жейтіндер) және жыртқыштар (ара омарталары мен араларға қауіп төндіретін аңдар мен құстар) болып екі топқа бөлінеді.
Паразиттер (күйе көбелегі, кенелер, қоңыздар, т.б.) ішіндегі ең қауіптісі – балауыз күйесі. Олар Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Көбінесе түнде ұшып, араның ұясына кіреді де, жұмыртқасын салып кетеді. 8 – 10 күннен соң жұмыртқадан дернәсілдер шығып, қуыршаққаайналады да, көбелек болып ұшып шығады. Сөйтіп, ара ұяшықтарын ойып жеп қояды. Оларды құрту үшін ұяға күкіртті газ жібереді. Жыртқыштар жәндік жегіш құстар, кейбір аңдар (сусар, аю), етпен қоректенетін жәндіктер(аражегіш, инелік, есекара, сона тектес әрене – филант, т.б.), тобырымен ұшатын тағанақ тәрізді құстар, т.б. ара омарталарын бұзып, ара балын ғана емес, араны дернәсілдеріменқосып жейді. Олардан қорғау үшін аңдарды ұстап, құстарды үркітіп, омарта орналасқан жерді мұқият қадағалап отыру қажет. Араның ең қауіпті зиянкестерініңбірі – сона тектес әрене (филант) пен есекара. Олар ұшып жүрген араны өлтіріп, жинаған балын сорып жейді. Соналарды құрту үшін әр түрлі инсектицидтер бүркіледі. Инеліктер омарта үстінен топталып ұшқанда араларды жаппай құртады. Олардан қорғау үшін омарта төңірегіне ұшып келген инеліктерді үркітеді немесе омартаны басқа жаққа көшіреді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *