АРАЛДЫҚ ИІН

АРАЛДЫҚ ИІН— мұхит пен құрлық жапсарласқан аймақтағы тау жоталары. Олардың төбелері бір-біріне тізбектеле жалғасқан аралдар жүйесін құрайды. Бұл аралдар жүйесінің жер бетіндегі пішіні кең ауқымды иінге ұқсайды. А. и-де сөнбеген жанартаулар, жер сілкінісі, жер қыртысы қозғалысы жиі болуы мүмкін. Жер бедері де ойдымды келеді. Мұхиттардағы терең шұңғымалар (“терең сулы науалар”), ірі-ірі гравитациялық қалыпсыздықтар, жер шарындағы барлық терең қыртысты жер сілкінулері нақ осы құрылымдар жүйесіне іргелес орналасқан. А. и-дер негізінен Тынық мұхит алабының өңіріне шоғырланған. Олар “Тынық мұхиттың отты шығыры” деп аталатын жалпыпланеталық алып құрылымның бір бөлігі болып табылады. Литосфералықплиталар тектоникасына сәйкес, А. и-дер жазық бағытта ұдайы жылжып отыратын мұхит төсенішінің континенттер астына қарай сұғына түсуі нәтижесінде қалыптасады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *