АПОРТ

АПОРТ — алманың сорты. Шығу тегі белгісіз. 1865 ж. Қазақстанға Воронеж губерниясынан жер аударылған Е.В. Редько А-тың екпе көшетін Жетісу өңіріне алып келіп еккен. Олар тез арада бой көтеріп, жеміс салған. Қазіргі кезде Алматы, Оңт. Қазақстан және Жамбыл обл-тарында А-тың: АлександрА-ы және қан қ ы з ы л А. сорттары кездеседі. Халық Александр А-ын Алматы А-ы деп атап кеткен. Қазақстанның оңт. облыстарының таулы аймақтарында 750 — 1450 м-ге дейінгі биіктікте өседі, суыққа төзімді келеді. Керісінше, жазықжәне тау етегіндегі аудандарда суыққа төзімсіз. Ағаш бөркі сирек, дөңгелек, аумақты болады. Жемісін, көбінесе, шет жақ бұтақшаларына салады. Екпе көшетті отырғызғаннан кейін 6 — 7 жылда жеміс береді. Танаптың 1 га жерінен 180 — 250 ц-ден жоғары өнім алынады. Алматы А-ның жемісі өте ірі (250 — 400 г), дөңгелек, түсі шымқай қызыл, нәзік, шырынды, қышқылтым тәтті дәмді келеді, өзіне ғана тән хош исі бар, наурыз — сәуір айларына дейін сақталады, тасымалдауға төзімді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *