АНТИПРОТОН

АНТИПРОТОН ( р ) — протонга қатысты антибөлшек. А. мен протонның массасы мен спині бірдей, ал электр және бариондық заряды, магниттік моменті абсолют шамалары жағынан тең де, таңбалары жағынан қарама-қарсы болады. А-ды алғаш 1955 ж. америкалықфизиктер 0. Чемберлен, Э. Сегре, К. Виганд және Т. Ипсилантис тәжірибе жүзінде протондық үдеткіште (ең жоғ. энергиясы 6,3 Гэв) алды. А. зат ядросындағы протондармен және нейтрондармен соқтығысқанда аннигиляттанады. А. аннигиляттануы нәтижесінде орта шамамен 4 — 5 π-мезон пайда болады. Қазіргі үдеткіштерде А-ның аса өткір шоғы алынады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *