АНТИПАТИЯ (грек. аnti- раthеіа) — социология мен психологияда қолданылатын термин. А. — ұнату немесе адамның бір-біріне көңілі ауу сезіміне қарама-қарсы ұғым. Алғаш рет Я.Л. Морено (1892 — 1974) тұлғааралық қатынастарды зерттейтін социометрия әдісіне “симпатия” және “антипатия” терминдерін қолданды. Морено әдісі адамдардың шағын бірлестіктері (отбасы, ұжым, т.б.) ішінде қарым-қатынас процесін белгілеу, сипаттау, мінездеу мүмкіндіктеріне жол ашты. А. ұжым қызметінің нәтижелілігін азайтып, адамдар арасында қарама-қайшылықтар туғызатын фактор болыптабылады.