АНТИМОНИТ

АНТИМОНИТ (лат. аnyimonium — сүрме), стибнит, сүрме жылтыры — сульфидтер класының минералы. Хим. формуласы: Sb2S3. Ромбылық сингонияда призма, бағана, ине төрізді болып кристалданады. Агрегаттары тығыз, ұсақ дәнді, шашыраған сәуле және шатысқан талшық сияқты болып, ал кейде кварцтың ішінде сеппе түрінде кездеседі. Түсі қорғасындай сұр, металша жылтыр. Қатт. 2 — 2,5; морт сынғыш, меншікті салм. 4,5 — 4,6 г/см3. Негізінен, гидротермалдық кендерде кездеседі. Гипергендік алаптарда жылдам ыдырап сүрменің сары және қызғылт түсті оксидтеріне (валентинит, сервантит, сенармонтит, т.б.) айналады. А. Қазақстанда кең таралған. А. кентасынан сүрме металы өңдіріледі. Оны үйкеліске төзімді қасиеті бар заттар жасауға пайдаланады. Сүрме қоспалары сол сияқты резеңке өндірісінде, жеңіл өнеркәсіпте, медицинада, шыны өндірісінде қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *