АНТИЛЬ АҒЫСЫ

АНТИЛЬ АҒЫСЫ — Атлант мұхитындағы Антиль аралдарының солт.-шығысынан басталып, Бағам аралдары арқылы өтетін жылы ағыс. Ағыстың жылд. 1 — 1,5 км/сағ. Судың беткі темп-расы ақпанда 24 — 25°С, тамызда 27 — 28°С, тұзд. 36,5 — 37%о. Қыс кезіндегі циклон әсерінен ағыстың аумағы үлкейіп, қарқыны күшейеді. Ағыс Антиль және Бағам аралдары аймағында бірнеше иірім жасап, Флорида жылы ағысы арқылы Гольфстримге жалғасады. Ағыстың қалыптасуына пассат желдері мен жердің өз осінен айналу күші әсер етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *