АНТИЛИВАН ТАУЛЫ ҮСТІРТІ — Сирия мен Либиядағы үстірт тәрізді таулы алқап. Ұз. 100 км-ге жуық, ең биік жері — 2814 м. Негізінен, әктас пен тақтатастан түзілген. Бекаа ойысына қараған батыс беткейлері тік жарқабақты келеді. Үстірттің бұл тұсында жерортатеңіздік мәңгі жасыл орман мен бұталар, кертпештеліп келген шығыс беткейлерінде шөлейттік өсімдіктер өседі.