АНТИКОАГУЛЯНТТАР

АНТИКОАГУЛЯНТТАР (грек. anti — қарсы және coagulans немесе coagulantis — ұю, ұйыту) — қан ұю процесін тежеп, тромб пайда болуын жоятын дәрілік заттар. Олар тікелей әсер ететін А., тікелей әсер етпейтін А., сирек жер металдарының.тұздары, сондай-ақ лимон және қымыздық қышқылының тұздары болып 4 түрге бөлінеді. Т і к е л е й әсер ететінА-ды (гепарин, гирудин, т.б.) қан тамырында тромб пайда болмауы үшін қолданады. Олардың көк тамырға енгеннен кейінгі әсері 4 — 6 сағатқа созылады. Тікелей әсер етпейтін А.(дикумарин, неодикумарин немесе пелентан, фенилин, т.б.) бауырдағы протромбинді тежеу арқылы қанның ұюын азайтады. Олар асқазан-ішек жолдарына жылдам сіңіп, қан сарысуындағы белоктармен байланысады, әсері 24 — 72 сағаттан кейін басталып, бірнеше күнге созылады. Сирек жер ме- талдарының тұздар ы (скандий, лантан, т.б.) организмге іштен (in vivo), және сырттан (in vitro) бірден әсер етеді, күші бір тәулікке дейін созылады. Лимон және қымыздық қышқылының тұздары организмге сырттан әсер етеді, А-ды инфаркт миокарды, өкпе артерияларының, ми қантамырларының, шажырқай тамырларының, көздің орт. венасының тромбоэмболиялары, тромбофлебиттері кезінде пайдаланады. Бірақ А-ды геморрагиялық диатездер, бауыр және бүйрек функцияларының бұзылуы, ойық-жара ауруы, рак, септикалық эндокардит, т.б. аурулары бар адамдарға қолдануға болмайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *