АНТЕКЛИЗА (грек. anti — қарсы және klisis — еңіс) — платформа ауқымындағы ірі (ауд. 100 км2-ден астам) тектоникалық көтерілме құрылым. Жазықтықтағы пішіні дөңгелек не сопақша болып келеді. А-ны платформал ы қ т ы с деп аталатын шөгінді немесе жанартаутекті- шөгінді тау жыныстарының қатпарланбаған, бірақ аздап еңістенген (әдетте 1°-қадейін) қат-қабаттары құрайды. Ол ұзақ геол. мерзімде, бір немесе бірнеше тектоникалық айналым барысында түзіледі. А. аумағында кішігірім күмбездер, ойыстар сияқты ұсағырақ құрылымдар жиі ұшырасады.