АНСИМОВ Георгий Павлович

АНСИМОВ Георгий Павлович (3.6.1922, Ресей Федерациясының Краснодар өлкесі, Усть-Лабинск ауд. Ладога ст.— 3.8.1983, Мәскеу) — орыс режиссері, Қазақстанның еңб. сің. өнер қайраткері (1958), Ресей Федерациясының халық арт. (1973). 1955 ж. Мәскеудегі Мемл. театр өнері ин-тын бітіргеннен кейін Үлкен театрда қоюшы-режиссер болып, бірқатар операларды сахнаға шығарды. Ол 1958 ж. Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде Қазақ операжәне балет театрықойған. ған Е.Г. Брусиловскийдің “Ер Тарғыны” мен “Қыз Жібек” және М. Төлебаевтың “Біржан — Сара” опералық спектакльдеріне реж.-кеңесші болған. Е.Г. Брусиловскийдің “Дударай” операсын Абай атынд. қазақ опера және балет театрының сахнасына шығарған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *