АНСАМБЛЬ (франц. ensemble — тұтастық), а р х и тектурада — көркемдігі, әсемдігі, сәулетшілік стилі қоршаған ортамен, табиғи кеңістікпен жарасымды тұтастық тапқан ғимараттар тобы. А. қала салу өнерінің ең қиын, күрделі жобалау түріне жатады. Көне ғимаратгардың ішіне бұрынғы композициялық шешімді бұзбай жаңа құрылыс салу үлкен шеберлікті қажет етеді. Мыс., Самарқандағы көне Регистан алаңына жаңа, көп қабатты темір-құйматасты қонақ үй салу алаңның бұрынғы сымбатын бұзып жіберген. Керісінше, Мәскеудегі Кремльдің ортасына Съездер сарайын саларда биіктеп кетпес үшін бірнеше қабатын жер астынан салған, сөйтіп көне құрылыстың ансамблін бұзбай, дұрыс шешімін тапқан. Алматыдағы Респ. алаңындағы құрылыстар, Академия үйі алдындағы Ш. Уәлиханов алаңы, Респ. Сарайы алаңы, Достық даңғылы бойындағы биік үйлер архит. шешімі сөтті табылған А-дер қатарына жатады.