АНОДТАУ

АНОДТАУ — электролиттік әдіспен металдардың, қорытпалардың және шала өткізгіштердің сыртқы бетін анодпен қаптау. Ол сілті, қышқыл немесе тұз негізді электролит ерітіндісі құйылған астауда жүргізіледі. А. нәтижесінде пайда болған оксид қабаты металды коррозиядан сақтайды әрі ол электр тогын өткізбейді. Анодталған металл жақсы боялады. Ұшақтың мыстан, магнийден, болаттан, алюминийден жасалған күрделі приборлар мен радиоаппаратураларының бөлшектері А. әдісімен өңделеді. А. сәндеу жұмыстары кезінде де қолданылады.      

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *