АНОД

АНОД (грек. anodos — жоғары шығару) — оң зарядты электрод. А. еритін немесе ерімейтін болып екіге бөлінеді. Еритін А-ты түсті металдардан (сынап, қорғасын, қалайы, мыс, т.б.), көміртекті болаттан жасайды. Ерімейтін А. платинадан, графиттен, көмірден, тотықпайтын болаттан, т.б. жасалады. А-тың материалы электролит пен электролизден шығатын өнімдердің табиғатына байланысты болады. А. катодпен бірге электролиз процесінде электродтар ретінде қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *