АННОТАЦИЯ, аңдатпа (лат. annotatio — ескерту, аңдату) — кітаптың, топтама жинақтың, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау. А-да шығармаға баға беріп, автор туралы мәліметтер келтіруі, кітаптың немесе жекелеген мақаланың жазылу тарихын қамтуы, әдебиеттерге және т.б. деректерге сілтеме жасауы да мүмкін. Оқырман А-ға сүйене отырып, өзіне қажетті әдебиетті таңдай алады.