АННАЛ (лат. annales — жыл) — ежелгі дүние мен орта ғасыр жылнамасы; тарихи шығарманың көне түрі. Ежелгі мысырлықтар, ассириялықтар, парсылар, қытайлар, т.б. халықтар аса маңызды оқиғаларды жыл-жылымен жазып отырған да, шежірені А., ал оның авторын “анналшы” деп атаған. Термин Ежелгі Рим заманында шыққан.