АНКИНОВИЧ Степан Герасимович (4.11.1912, қазіргі Беларусь Республикасы, Витебск обл. Кашино дер. — 16.6.1985, Алматы) — ғалым, геол.-минералогия ғыл. докт. (1964), проф. (1967). Қазақстанның еңб. сің. жоғары мектеп қызметкері (1972). Санкт- Петербург (бұрынғы Ленинград) тау-кен ин-тын бітірген (1938). 1938 — 1951 ж. республиканың геол. қызметі жүйесінде, Жезқазған, Ұлытау кенді ауданында, Кенді Алтайда, Үлкен Қаратауда полиметалл, темір, марганец, ванадий кендерін барлайтын партиялар тобы мен экспедициялардың геологы, аға геологы, бас геологы, Қазақгеол. басқармасының аға инженері болып жұмыс істеді. Сонымен қатар 1949 жылдан Қазақкен металлургия ин-тында (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық ун- ті) доцент, 1970 жылдан кафедра меңгерушісі болды. А- тің негізгі ғыл. еңбектері Солт. Тянь-Шаньнің (Үлкен Қаратау мен Жабағылы) және Сарыарқаның батыс бөлігінің геологиясын, стратиграфиясын, шөгінділік металлогениясын, түсті металдар кендерінің геологиясын зерттеуге, кентастарды кешенді пайдалануға арналған. КСРО Мемл. сыйл. лауреаты (1946, 1948).