АНКЕРИТ (Австрия минералогы М. Анкердің есімімен аталған)

АНКЕРИТ (Австрия минералогы М. Анкердің есімімен аталған) —карбонаттар класының минералы. Хим. формуласы: Са(МgҒе)(С03)2, Құрамында әр түрлі арақатынастағы темір мен магний бар, қоспа ретінде марганец кездеседі. А- тің құрамында магний аз түрі сидеронит, ал темір аз түрі қоңыр шпат деп аталады. Әдетте, сопақ ромбоэдр кристалдар, тығыз ұсақ дәнді агрегаттар түзеді. Түсі ақ, сұр, қоңырқай сары. Шыныдай жылтыр. Қатт. 3,5 — 4,5, сынғыш. меншікті салм. 3,9 г/см3. Орал мен Алтайдың гидротермалды кварцты желілеріңде сульфидті және сидеритті кентастармен бірге кездеседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *