АНИСИМОВ Валерий Владимирович

АНИСИМОВ Валерий Владимирович (7.7.1937 ж.т., Алматы) — палуан, Халықар- дәрежедегі спорт шебері (1965), классик. күрестен ауыр салмақ (97 кг) дәрежесіндегі дүние жүзі чемпионы (1965). Қазақ дене тәрбиесі және спорт ин-тын бітірген (1961). Классик. күреспен 1953 жылдан айналысады. КСРО чемпионатына 13 рет қатысып, төрт мәрте жүлделі орынға ие болды (1-орын: 1964; 1968; 2-орын: 1963; 3-орын: 1967). Жаттықтырушылары — П. Матущак, А. Мазур.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *