АНИЛИН (араб.ән-нил — көк), С6Н5NН2 — түзсіз, өзіне тән исі бар органик. сұйық зат. Қайнау темп-расы 184,4°С, қату темп-расы — 5,96°С. Алғаш рет 1826 ж. алынған. Құрылымын 1843 ж. неміс химигі А.В. Гофман анықтаған. А. органик. ерітінділермен кез келген мөлшерде араласады. Көптеген көмірсутектермен, галоген туындылармен азеотроп қоспалар түзеді. Сумен түзетін азеотропының (18%) қайнау темп-расы 91,5°С. А. — әлсіз негіз. Минералды қышқылдармен әрекеттесіп, тұздар тұзеді. А-нің 200°С-та түзілген сульфаты сульфанил қышқылына айналады. А. диазони тұздарын түзеді, оның басқа көптеген реагенттермен әрекеттесуінен азобояулар алынады. Өндірісте А-нің спирттермен катализдік әрекеттесуі нәтижесінде К-алкиланилин, КБМ-диалкиланилин алынады. Оның формальдегидпен конденсаттануынан түзілген n, n’-дииминодифенилметанды фосгенирлеу арқылы полиуретан өндірісіне қажетті шикізат — дифенилметандиизоционат алынады. А-ді никель катализаторымен гидрлеу кезінде капролактам өндіруге қажет аралық өнім — циклогексиламин түзіледі. А-ді өндірістік жолмен алудың негізгі әдісі —нитробензолды сутегімен газ және сұйық күйде тотықсыздандыру. Газ күймен атқарылатын процесс түйіспелі қондырғыда никель немесе мыс катализаторы қатысуымен 250 — 350°С-та жүргізіледі. Пайда болған сұйықтан А-ді тұндыру және дистильдеу арқылы бөліп алады. Сұйық күйден А. алу процесі сутектің жоғары қысымында (1,1 мПа) және 160 — 170°С темп-рада никель немесе палладий катализаторы қатысуымен жүргізіледі. А. сонымен қатар 300 — 600°С темп-рада, 1 мПа қысымда қозғалмайтын катализатор қабаты бар (алюминий оксиді, алюмосиликат) адиабаталық реакторда фенол аммонолизі арқылы да алынады. А. өндірісі басталғаннан бері (1847) бояу, 2-дүн. жүз. соғыстан кейін резеңке, 1970 жылдан дәрілік заттар өндірісінде қолданылады.