АНИЗОТРОПТЫҚ

АНИЗОТРОПТЫҚ, анизотропия (грек. onisos — тең емес және tropos — бағыт) — дененің барлық немесе бірқатар физ. қасиеттерінің әр бағытта әр түрлі болуы. Бір текті қасиеті бар заттың бір бағыттағы барлық нүктелерінің физ. қасиеттері бірдей болады. Мыс., кристалдық денелердің жылулық ұлғаю коэффициенті, мех., электрлік және оптикалық қасиеттері әр бағытта әр түрлі болғанымен, белгілі бір осьтің бойында тұрақты келеді. Бір жақты пішінсіздену салдарынан (созу, сығу, ығыстыру, т.б.) заттың жеке бөліктерінде А. қасиет пайда болады. Кейде бір заттың өзі бір физ. шамаға қатысты изотроптық (қ. Изотроптық), ал екіншісіне қатысты А. қасиет көрсетеді. Мыс., кубтық жүйедегі кристалдардың барлық бағытындағы сыну көрсеткіші бірдей, ал қырларының өсу жылдамдығы әр түрлі болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *