АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ

АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ (грек.аn — сыз, сіз, емес қосымшасы және aisthesis —  сезім, logos — ғылым) — клиникалық медицина ғылымының органдарды уақытша жансыздандыру мәселелерін зерттейтін саласы. Аумақтық жансыздандыру (анестезия) тәсілдері 19 ғ-дан белгілі. Қазіргі заманғы А-ның негізін салған ағылшын ғалымы Ю.Сноу (1813 — 1858) болды. Ол алғаш рет медицинада эфирлі және хлороформды наркоз пайдаланған. Қазақстанда А. ғылымына проф. А.Тоғайбаев көп үлес қосты. Оның басшылығымен ісікті емдеу кезінде пайдаланылатын наркоздың адам организміне әсері зерттелді. А-ның ең негізгі мақсаты — хирург. Операцияның барлық кезеңдерінде науқастың қауіпсіздігін сақтау және зақымданған органның ауруын жеңілдету, әрі сол органдардың жұмысын бұрынғы қалпына кежіру. А. жалпы А. және аумақтық А болып екіге бөлінеді. Жалпы А-да адам есінен танады, бүкіл дене сезімінен айырылады. Мұнда сезімталдықты жоятын наркотикалық дәрі-дәрмектер қолданылады. Аумақтық А-да адам есі сақтала отырып, дененің белгілі бір бөлігінде ғана дәрілер арқылы сезімталдық жойылады. Қазіргі А-ның негізгі ғыл. бағыты —жансыздандыратын дәрілердің жаңа түрін шығару, олардың пайдалы, зиянды әсерлерін зерттеу, наркоз беретін құралдарды (аппараттарды) жетілдіру. Қазір Республикада “Қазақстан анестезиологтары мен реаниматологтар қауымдастығы” жұмысістейді.      

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *