АНД ТАУЛАРЫ, АндКордильерасы (инк тілінде анта – мыс) — Жер шарындағы ең ұзын (9000 км) тау сілемі, ең алып кордильера тау жүйесінің оңт. Америкадағы бөлігі. Ол Оңт. Американың Тынық мұхит жағалауын бойлай, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла жатқан тау тізбектен тұрады. Олар Анд (Кордильера) геосинклинальдық қатпарлану белдеуінің (альпілік қатпарлану кезінде) қайта көтерілген кезіндегі жас таулар. Сондықтан қазіргі кезге дейін жиі болып тұратын күшті жер сілкінулер олардағы тектоник. процестердің әлі де тоқтамағанын көрсетеді. Мұнда бірнеше сөнбеген жанартаулар бар. Олардың ішінде Жер шарындагы ең биік сөнбеген жанартау ошағы — Льюльяй- льяко (6723 м) осында орналасқан. Жер бедерін меридиан бойымен созылып жатқан, ішкі тау аңғарлары мен үстірттерден тұратын жоталар тізбегі құрайды. Олар табиғи ерекшеліктері мен геоморфол. құрылысына қарай: Кариб А.т. (Оңт. Американың солт.-шығысын ала Кариб т. жағалауында орналасқан), Солт.-Батыс А. т. (Колумбия және Венесуэланың батысында), Эквадор А. т. (Эквадор мемлекетінде), Перу А. т. (Орталық және Батыс Кордильерасы, Пуна таулы үстірті, Чили-Аргентина А. т. және Патагония А. т. болып бөлінеді. Бұл таулардың қатпарлы-жақпарлы тік құламалы шатқал беткейлерін көптеген өзен аңғарлары тілімдеген. Орта тұсында ені кең болып келген Пуна таулы үстірті орташа биікт. 4000 м болатын ішкі аймақты құрайды. А. т-ның осы тұсында тектоник. процестер нәтижесінде пайда болған көлдер жиі кездеседі. Жер шарындағы теңіз деңгейінен ең биік орналасқан Титикака көлі (3812 м) осында орналасқан.
А. т. 6 климаттық белдеуде (экваторлық, солт. және оңт. субэкваторлық, тропикалық, субтропикалық және қоңыржай) жатыр. Тау жүйесі арқылы Амазона, Парана, Ориноко, т.б. өзендер бастау алатын мұхитаралық суайрық өтеді. Экваторға жақындау орналасқан климат белдеуі аймағында жауын-шашын өте көп жауады (3000 — 6000 мм). Солт.-батыс А. т-нан Орталық А. т-ның оңтүстігіне дейінгі жел өтіндегі жоталар беткейін экваторлық және тропикалық таулы ормандар (таулы гилея) басқан. Олар 3 биіктік белдеуін (тьерра-кальенте, тьер- ра-темплада және тьерра- фриа) түзеді. Субэкваторлық А. т-нда мәңгі жасыл құрғақ субтропикалық орман мен бұталар, 38°оңт. ендіктен оңт- ке қарай мәңгі жасыл және аралас орманды аймақ қалыптасқан. Солт. А. т-нда таулы экваторлық шалғынды парамо, Перу А. т. мен шығыс Пуна жотасында — биік таулы тропикалық құрғақ халқа даласы, батыс Пунада және бүкіл Тынық мұхит жағалауы бойында (5 — 28° оңт. ендік аралығында) — шөл өсімдіктері өседі. А. т. — хин ағашының, кок, картоп, т.б. құнды да дәрілік өсімдіктердің отаны. А. т. жануарлар дүниесінеөте бай.