АНДРИЯСАН Рубен Суренович (31.10.1938 ж.т., Нальчик қ.) — режиссер, ҚР-ның халық арт. (1992). Ереван ун-тін (1959), Ереван театр-көркем- өнер ин-тын (1963) бітірген. Қызылорда обл. қазақ драма театрында, Қостанай орыс драма театрында, Қарағанды театрында, Қазақтың балалар мен жасөспірімдер театрының орыс бөлімінде режиссер, акад. орыс драма театрында (Алматы) бас режиссер болды. Осы жылдар ішінде 50-ден астам спектакль қойды, оның біразы әр түрлі сыйлықтарға ие болды. “Тифлистегі үйлену тойы” (А. Цагарели, 1974), “Жас гвардия” (А. Фадеевтің романы бойынша, 1975), “Маусымдағы қоштасу” (А. Вампилов, 1975), “Жанасу” (Р. Ибрагимбеков, 1975), “Еске алу дұғасы” (Шолом- Алейхом, 1990. Спектакльге Тәжікстан Министрлер Кеңесінің жүлдесі берілді), “Сирано де Бержерак” (Э. Ростан, 1983), “Итжүрегі” (М- Булгаков, 1988), “Ағайынды үш қыз” (А. Чехов, 1992), “Сараң” (Ж. Мольер, 1994) сияқты спектакльдер А-ның өзіндік режиссерлік қолтаңбасын танытты.