АНДРЕ, (1819 — 1848) — Орынбор губернаторы кеңсесінің шенеунігі (1837 — 40). 1842 жылдан бастап қазақтардың әдет-ғұрып заңдары жөнінде материалдар жинаумен шұғылданған. 1846 ж. Орынбордың шекара комиссиясы А-ні қазақ даласына қазақтың әдеттік құқығы бойынша мәліметтер жинау үшін арнайы жіберді. Ол Елек қорғанынан шығып, Орта жүзде және Кіші жүздің батыс жақ бөлігінде екі жарым ай уақыт болды. 1846 ж. күзде Орынборға қайтып оралған соң шекара комиссиясына “Қырғыз әдет-ғұрыптарын суреттеп жазу” атты өзінің жүйеленген жинағын ұсынды.