АНДРЕЕВА Елена Ивановна (12.8.1927, Ресей, Брянскобл. Вятков ауд. Цементный з-т пос.)

АНДРЕЕВА Елена Ивановна (12.8.1927, Ресей, Брянскобл. Вятков ауд. Цементный з-т пос.) — ғалым. ҚазМУ-ды бітірген (1952). 1957 — 85 ж. Қаз. КСР ҒА-ның Ботаника институтында кіші, аға ғыл. қызметкер болды. Негізгі ғыл. еңбектері өсімдіктер флорасын зерттеуге арналған. А. Қазақстанда өсетін қыналардың таралу тәртібіне жіктеу жасап, қына флорасының Қазақстан жерінде қалыптасу тарихын зерттеді. Қыналардың ғылымға белгісіз 21 түрін, 13 туысын, 11 тұқымдасын, 6 формасын тауып, оларға сипаттама берді. Қазақстан Мемл. сыйл. лауреаты (1987).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *