АНДРАДИТ — силикаттар класының гранаттар тобына жататын минерал. Хим. фор- муласы: Са3Ғе2[SiO4]3. 1800ж. құрамын анықтаған португал минералогы д’Андраданың есімімен аталған. Кубтықсингонияда ромбылық додекаэдр кристалдарын түзеді. Түсіне байланысты бірнеше түрлері бар: демантоид — шөптей жасыл, сарғылт жасыл; желлетит — ашық жасыл; топазолит — жасыл сары; аллохроит — қоңыр қызыл; меланит — қаратүсті. Қатт. 6,5 — 7, менш. салм. 3,75 г/см3. Мөлдір, шынылай жылтыр. Жапсарлы-метасоматитті, жоғары темп-ралық жағдайда қышқыл магма мен карбонат құрамды шөгінділер арасындағы реакция нәтижесінде түзіледі. Кристалдық тақтатастарда, скарндерде кездеседі. Қайраң кендері де ұшырасады. А., негізінен, абразив материал ретінде қолданылады. Мөлдір әрі сәнді түсті түрлерінен зергерлік бұйымдар жасалынады.