АНДОРРА, Андорра к н я з д ы ғ ы (Андоррола- Вьеха) — Еуропадағы шағын мемлекет. Франция мен Испания аралығында, Шығыс Пиреней аумағында орналасқан. Жер көлемі 465 км2, халқы 65 мыңнан астам (1993), олардың ішінде байырғы халқының (андорралықтар) саны 19 мың шамасында, қалғандары — португалдықтар, испандықтар, француздар. Ұлттық мейрамы — 8 қыркүйек, Богородица Меритксельская күні (А-ның желеп-жебеушісі).
1993 ж. 14 наурызда өткен референдумда мақұлданған елдің жаңа Конституциясы бойынша А. парламенттік княздық болып табылады. 1278 жылдан бері Урхель епископы (Сеу-де-Урхель қ., Испания) мен Франция президентінің тарихи қалыптасқан қос басшылығы сақталған. Олар — А. тәуелсіздігінің, Испания және Франциямен достық қарым-қатынасының кепілі. Өкіметтің заң шығарушы органы — бір палаталы Бас Кеңес (1419 жылдан бері жұмыс істейді), ол үкімет қызметіне бақылау жасайды және мемл. бюджетті бекітеді, парламент төрағасын және оның орынбасарларын, үкімет басшысын сайлайды. 1981 ж. жүргізілген “институттар реформасы” бойынша құрамында 8 министрі бар Атқару кеңесі құрылып, оған елдің ішкі және сыртқы саясатына басшылық ету жүктелді. Бас кеңесте 5 саяси партия өкілдері бар.
А. жөніндегі алғашқы мәліметтер 778 ж. арабтардан жеңілген вестготтардың Сеуде-Урхель қ-н тастап, Пиренейдің биік шатқалдарына барып паналауын сипаттайтын жазбалар да кездеседі. Император Ұлы Карл арабтардың әрі қарай ілгерілеуін тоқтатып, А-ны Урхель епископының қарамағына береді. Орта ғ- ларда А. Урхель епископы мен граф де Фуаның иелігі болды. Кейін граф де Фуаның бұл құқы француз корольдеріне ауысты. 1993 ж. дейін А. Франция мен Испанияның протектораты ретінде саналған княздық болды. Жалпыға бірдей сайлау құқы ерлер үшін 1933 ж., әйелдер үшін 1970 ж. енгізілді. Жаңа Конституцияның А-ның мемл. құрылысы жөніндегі баптарына 1993 жылғы 1 маусымда өзгерістер енгізілді, Испания Корольдігі, Француз Респ. және А. княздығы арасында шарт жасалып, А-ның жаңа тәуелсіз мәртебесі тиянақталды. А. 1993 ж. БҰҰ- на, 1994 ж. Еуропа Кеңесіне, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ-ке мүше болып қабылданды. 1996 363 ж. шілдеде А. Ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа ресми түрде қосылды. Халқының негізгі табыс көзі (1993 ж. жан басына 15411 АҚШ долларынан келді) — сауда мен шетелдік туризм (жылына 12 млн-ға дейін адам келіп кетеді), экон-сының маңызды саласы — темекі өсіру және өңдеу. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары бар. Таулы өңірлерінде мал ш- мен айналысады. Тегін және міндетті бастауыш білім беру жүйесі енгізілген. Елдегі сауаттылық деңгейі 100%-ке жуық.