АНДАЛУС ТАУЛАРЫ, Б е тико таулары — Испанияда, Пиреней түбегінің оңтүстігінде орналасқан таулар. Ұз. 630 км, ең биік жері 3478 м (Муласен тауы). Адьпілік қатпарлану процесі нәтижесінде пайда болған ежелгі құрылымдардан түзілген. Ішкі тауаралық тектоник. қазаншұңқырлар мен аңғарларды жоталар бөліп жатыр. А. т- ның солтүстігінде карстты шөгінділер кездеседі. Климаты кәдімгі жерортатеңіздік, құрғақ субтропиктік. Жауын- шашынның басым бөлігі (700 мм-ден астам) қыста түседі. Жазы құрғақ. Тау етегінде пальмитос және гарига, тығын емені мен маквис, тау беткейлерінде мәңгі жасыл орман мен бұталар өседі.