АНДАЛУЗИТ

АНДАЛУЗИТ — силикаттар класына жататын минерал. Хим. формуласы: А12[Sі04]0. Кристалдары ромбылық сингонияда ірі призма немесе бағана тәрізді болып қалыптасады. Сұр, сары, қоңыр, қызғылт, қызыл, жасыл түсті әрі шыныдай жылтыр болады. Қатт. 7 — 7,5, меншікті салм. 3,1 — 3,2 г/см3. А., негізінен, жапсарлы метаморфтану әсерінен түзіледі. Сазды тақтатастар, қайталама кварциттер арасында кездеседі. Орт. Қазақстанда жиі тараған. А. құрамды тау жыныстарынан муллит және кристобалитті шыны өндіріледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *