АНГОР ЕШКІСІ — ежелден келе жатқан, жүні аса бағалы ешкі тұқымының бірі. Орта ғ-да Түркияның Анкара (Анкора) уәлаятында өсірілгендіктен осылай аталған. 19 ғ-да АҚШ- қа, Африкаға, Австралияға тараған. Қазақстанға алғаш 1929 ж. АҚШ-тан әкелінген. Ешкісі 30 — 35 кг, текесі 45 — 50 кг тартады. Түбіті өте берік, біркелкі, жылтылдаған ақ, 362майда биязы қылшықты. Қылшығының ұз. 35 — 40 см. Текесінен 4 — 7 кг, ешкісінен 2 — 4 кг түбіт алынады. Таза түбіт түсімі 65 — 80%. Сауын маусымында 60 — 100 л сүт береді, сүтінің майлылығы 4,4%, 5 — 10%-ті егіз туады. А. е., негізінде, кеңестік түбітті ешкі тұқымы шығарылды. А. е-нің будандары Шығыс Қазақстан, Алматы обл-тарында өсіріледі. Ол өзге ешкі тұқымын асылдандыру үшін пайдаланылады. Еті сапалы, дәмді келеді, терісінен қымбат бағалы былғары дайындалады. Түбітінен мата, кілем, мақпал тоқылады.