АНГИОМА

АНГИОМА (грек. angeion — тамыр және oma — ісік) — лимфа мен қан тамырларының қатерсіз ісігі. А. кез келген адамда болады, дегенмен жас балаларда өте жиі кездеседі. А-ның ұсақ (өте майда) құрылымы қалыпты жағдайдағы қан, лимфа тамырларына ұқсас болып келеді. Кейде аралас құрылымды (яғни артерия мен вена тамырларының қосындысы) болуы да ықтимал. А тамырлардың эндотелий және адвентиция тіндерінен өсіп-өнеді. Клиникалық көріністері орналасқан жеріне байланысты. А. сыртқы мүшелерде орналасса, онда түсі көкшіл, жүмсақтау болып домбығып, ісініп тұрады. Саны бірнеше болуы мүмкін. А. көлеміне, орналасқан жеріне қарай анықталады. Мидағы А. әр уақытта қауіпті, себебі оның жарылып кетуі мүмкін. Сыртқы мүшедегі А. өмірге қауіп туғызбайды, бірақ адамның бет пішінін өзгертіп жібереді. А. қатерлі ісіктерге (ангиосаркомаға) өте сирек ауысады. Асқынған кезде хирургиялық әдіспен алынып тасталынады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *