АНГИДРИДТЕР (грек. an — сыз, сіз, емес қосымшасы және һudor — су) — органикалық және анорганикалық қышқылдардың құрамындағы суды бөліп алғаннан кейін қалатын химиялық қосылыс (мыс., күкірт кышқылының, сірке қышқылының А-і). А-ге металл емес элементтердің және кейбір ауыр металдардың жоғары тотықтары жатады. Органик. емес қышқылдардан А-ді жәй заттарды оттекте жағу (С+02=С02, 4Р+502=2Р205), қышқылдарды қыздыру (2Н3В03=ЗН20+ +В203) немесе тұрақсыз қышқылдарды айыру (Н2С03= =Н20+С02) арқылы алады. А-дің көпшілігі ылғал сіңіргіш зат ретінде қолданылады.