“АНА ТІЛІ” — республикада қазақ тілін және басқа ұлт тілдерін дамыту мақсатында оқу құралдарын шығарумен айналысатын баспа. Қазақ КСР Мин. Кеңесінің 1990 ж. 5 маусымдағы қаулысына сәйкес “Мектеп” (қазіргі “Рауан”) баспасы үш редакциясының негізінде құрылды. Алғашқы директоры — М. Құдайқұлов, бас редакторы — Ы. Кенебаев. Негізінен, жоғары және арнаулы оқу орындары үшін оқулықтар мен көмекші оқу құралдарын, қазақ және басқа ұлт тілдерінде танымдық әдебиеттер, сөздіктер мен тілашарлар, анықтамалықтар шығарады.