АНА МЕН БАЛА ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

АНА МЕН БАЛА ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ, Ана мен бала денсаулығын қорғаудың республикалық ғылыми-зерттеу ортал ы ғ ы — Қазақстандағы аналар мен балалар денсаулығын жақсарту бағытындағы дәрігерлік, ғыл. зерттеу жұмыстарын ұйымдастыратын бас мекеме. Қазақ педиатрия ғыл.- зерт. ин-тының акушерлік- гинекол. бөлімі негізінде Алматы қ-нда құрылған (1975). Орталықтың негізгі ғыл. жұмыстарының бағыты — еліміздегі әйелдердің денсаулығын сақтау, екіқабат әйелдердің өте қауіпті тобындағыларды дер кезінде емдеу, оның тәсілдері мен стратегиясын, аналардың және іштегі нәрестенің сырқаты мен шетінеуін азайту, нәрестенің мезгілінен бұрын туу себептерін, туысынан болған ауытқулардың таралу аймағы мен генетикалық байланысын зерттеу, бедеу әйелдерді емдеу. Орталық материалдық-тех. базамен қамтамасыз етілген. Жаңа диагностикалық және емдеу аппараттарымен, құрал-саймандарымен, төсек-орынмен жабдықталған, сондай-ақ білікті мамандармен толықтырылған. Орталықта 17 ғыл. және емдеу бөлімдері (акушерлік, гинекология, екіқабат әйел патологиясы, репродукция, перинатология, мед. генетика, ғыл.-мед. консультация, т.б.) бар. Оларда 93 ғыл. қызметкер қызмет атқарады (1998). Орталық жанында “Акушерлік және гинекология” мамандығы бойынша канд. және докт. диссертация қорғау жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Жыл сайын көптеген жас мамандарды клиник. ординатураға, аспирантураға даярлайды. Ғыл.-зерт. жұмыстары еліміздегі әр түрлі саладағы мекемелермен, сондай-ақ халықар. бірлесу шеңберінде шетелдік мемлекеттердің ғыл. орталықтарымен тығыз байланыс жасайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *