АНА — ЖЕР-АНА

“АНА — ЖЕР-АНА” — Қазақ академиялық драма театры сахнасында қойылған спектакль (алғаш 7.3.1964 ж. қойылды, авт. Ш. Айтматов, ауд. Қ. Мұхаметжанов, реж. Ә. Мәмбетов, суретші А. Ненашев, комп. Ғ. Жұбанова). Қазақстанның Мемл. сыйл. берілген(1964), Азия, Африка, Латын Америкасы елдерінің халықар. театр фестиваліне (1973 ж. Иранның Шираз қ- нда өткен) қатысты. Спектакль ел басына түскен ауыртпалықты бір отбасының тағдыры арқылы баяндайды. Реж. сахнада дараланған адамдар мен топтанған халық бірлігінің сомдалған бейнесін жасады. Актерлер С. Майқанова, Ф. Шәріпова (Толғанай), Б. Римова (Жер-Ана), Ы. Ноғайбаев, М. Мұраталиев (Сұбанқұл), Н. Мышбаева, Т. Тасыбекова (Әлиман), Р. Сейтметов, Б. Наурызов (Жайнақ), т.б. өз өнерлерінің жаңа қырын ашты. Спектакль ел басынан өткен қиын кезеңді сахна зандылықтарына сай ұтымды шешуімен, актерлер ансамблінің тұтастығымен қазақ театр өнерінің жаңа белеске көтерілгендігін көрсетті. Тақырыпты ашу барысында сахналық әдістерді шебер қолдануы, сол кезде жаңадан пайда болған айналмалы сахнаны тиімді пайдалануы көптеген теориялық талдауларға арқау болды. “А. — Ж.-А.” қазақ театры дамуының елеулі белесі болды.   

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *